«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бригада, батальон командирлері мен сержанттары марапатталды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы танк бригадасының базасында Үшарал, Өскемен, Семей, Аягөз гарнизондары бөлімдері командирлерінің жиыны болып өтті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жауынгерлік оқудың өткен кезеңі ішіндегі қорытындысы және алдағы жоспарларды егжей-тегжейлі талқылау жиынның басты тақырыбына айналды. Аталмыш кеңесті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Василий Рысбаев басқарды.

Аягөз гарнизонының жиын өткізу орны болып белгілені кездейсоқ емес. Қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери гарнизондары арасында жауынгерлік даярлықтың ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Ең үздік бөлімдердің біріндегі жауынгерлік даярлық және тәрбие жұмыстары жүйесімен танысып, тәжірибе алмасу танк бригадасының базасында өткізілді.

Басқосу барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кейбір бригада және батальон командирлері мен сержанттарына қызметтегі табыстары, сондай-ақ түрлі жауынгерлік даярлық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін медальдар, мақтау қағаздары табыс етіліп, алғыстар жарияланды.