Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған сенімді энергетикалық серіктестік ретінде Қазақстан әлемдік энергетикалық қауіпсіздікте маңызды рөл атқарады - ҚР Үкімет басшысы

ТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов атом энергиясының даму перспективасы туралы хабарлады.

«Атом энергиясын дамытуда алғашқы қадамдар жасаудамыз. Маусым айында Үкімет Қазақстандағы бірінші ядролық кәсіпорынның құрылысын қарастырған атом энергетикасын дамыту бағдарламасын мақұлдады... Қазақстанда атом энергиясының болашағы зор екендігіне сенімдімін», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің пікірінше, «Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған сенімді энергетикалық серіктестік ретінде Қазақстан әлемдік энергетикалық қауіпсіздікте маңызды рөл атқарады. Біз энергия ресурстарын тасымалдау бағдарларын әртараптандыруды жалғастырудамыз», - деді ол.

www.facebook.com:80/KMassimov сайтында хабарланғандай, Кәрім Мәсімов КТК мұнай құбырын кеңейтудің бірінші кезеңі басталғанын хабарлады. Бұл шара құбырдың өткізу мүмкіндігін 40 миллионнан астам тоннаға арттырады. Сондай-ақ ұзындығы 1500 шақырым Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Бұл құбыр Батыс Қазақстанның газ кеніштерін елдің оңтүстік өңірінің тұтынушыларымен байланыстырады. Соңында бұл құбыр Қытай-Орталық Азия газ құбырымен түйіседі.

Қосымша ақпараттармен http://www.pm.kz сайтынан танысыңыздар.