«АҚШ-тың Федералды тіркеушісі шығыс пумасын жойылып кеткен аңдардың тізіміне енгізді. Енді әлемде бұндай жыртқыш аң жоқ. Тек кітап беттерінде қала бермек. Алпауыт Американың өзі браконьерлікті жеңе алмауда», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
Puma concolor немесе шығыс пумасы зоолгтардың пайымдауынша, біршама уақыт бұрын, яғни жойылған аңдардың тізіміне енгізілмей тұрып құрып кеткен. Тіпті ғалымдардың бір бөлігі мысық тұқымдас бұл аңның 1930 жылдары жойылып кеткенін алға тартады. Мысық тұқымдастардың осы түрі мекен ететін Канада әлі шығыс пумасына қатысты ұстанымын білдірген жоқ.
Жойылып кеткен аңдардың екі түрі былтыр Ресейде де тіркеліпті. Қызыл Кітапқа енгізіліп, аулауға тыйым салынғанымен қар қойы мен бұланай (гималай) аюы құрып кеткен. Ресейлік ғалымдар бұған ең алдымен аңшылық себеп болғанын тұжырымдап отыр.