Ол жұмыс жасайтын ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі күні С.Наумник Қазақстандағы ең үздік биатлоншы болып саналады. Жуырда өткізілген республикалық жарыста оның 1-орынды иеленуі осыған дәлел. Екі атыс шебі бар 10 километрлік жарыста Сергей өз бәсекелестерінен оқ бойы алда болды. Уақыт ұзақтығы 40 секундты құрады. Нәтижесінде бірінші болып жүгіріп келген құтқарушы-өрт сөндіруші автоматты түрде алдағы Азия ойындарына қатысушы атанды.
Бірақ Азия ойындарына қатысу үшін қазақстандық спортшыға Германияда қаңтар айында өткізілетін Әлем кубогының екі сатысынан өту керек.
«Дайындалуға уақыт жетеді, қыс уақытында мен шетелде болсам да, үйде болсам да шаңғымен жаттығудан бір шаршаған емеспін», - дейді Сергей Наумник.