Шығысқазақстандық полицейлер спорттан бақтарын сынады
19:22, 19 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының ІІД жыл сайын өтетін спартакиадасының аясында қалалық ІІБ қызметкерлері арасында қоян-қолтық күресі бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 17 команда қатысты. Спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілді, деп хабарлады Өскемен қ. ІІБ ақпарат бөлімі.
Күрес қорытындысы бойынша бірінші орынды Тарбағатай АІІБ ие болса, екінші орынды Қатон-Қарағай АІІБ, үшінші орынды Семей қ. ІІБ иеленді.
Спартакиада-2011 шарасына спорттың 6 түрі бойынша жарыс өткізілді: волейбол, кір спорты, атыс қаруынан ату, самбо, шағын футбол, қоян-қолтық күрес.
Спартакиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының ІІБ 19 командасынан ең озат командалар анықталады.
Спартакиадаға қатысушылардың қызығушылығы зор, өйткені өткен жылы бірінші және екінші орынды иеленген командаларға автокөлік сыйға тартылған, ал үшінші орын алған командаға сыйға, компьютерлі сынып (5 дана компьютер) сыйланды.
Қызметкерлердің құлшынысы артып, спартакиада қорытындысын күтуде. Ең мықты топ женеді деп сенеміз!