деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Оқушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астананы көруге келген болатын.
Мәдениет ауылы мектебінің оқушылары Астана қаласымен танысып, аралап көрді. Экскурсия барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайын, «Бәйтерек» кешенін, «Думан» ойын-сауық орталығын, Хан Шатырды, Бейбітшілік және келісім сарайын, Елорданың басқа да көрікті жерлерін аралады.
Парламент қабырғасында өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Парламенттің құрылымы, Мәжілістің заң шығару қызметі жайлы айтып берді. Депутатпен кездесу кезінде оқушылар Динара Әбілтай, Айшырақ Меліс, Айсары Ғайсина, Жанерке Төкен өз ой-пікірлерін айтты. Шығысқазақстандық шәкірттер Парламенттің бірлескен отырыс залын және Мәжілістің жалпы отырыс залын аралап көріп, фотосуреттерге түсті.