Шығысқазақстандық шаңғышы Финляндияда топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияда шаңғы жарысынан өтіп жатқан FIS халықаралық жарысында шығысқазақстандық спортшы Иван Люфт классикалық әдіс бойынша 10 шақырымдық спринттік жарыста топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар арасында 10 шақырымдық классикалық әдіс бойынша жиыны 60 спортшы жарыс жолына шыққан. Мәре сызығын алғаш болып кесіп өту үшін өскемендік спортшыға финляндиялық және украиналық шаңғышылар бәсекелестік танытқан. Дегенмен, 22:01:0 уақыты Иван Люфт үшін жеңіске жетуге жеткілікті болды. Маусым алдындағы бұл жарыстар спортшылардың рейтингтік ұпайларының жоғарылауына жақсы мүмкіндік болып табылады. Айдың соңына дейін Финляндия жерінде тағы да 5 FIS сайысы өтетін болады.

«Бұл жарыстар бір жағынан алда тұрған жастар арасындағы әлем чемпионатына және Олимпиадаға дайындық болып табылады. Бұдан бөлек, осы бәсекелерде классикалық стиль бойынша спринттік жарыстарда бақ сынау жоспарда бар», - дейді Иван Люфт.