Балалардың жағдайы бірқалыпты, оларды толық тексеріп, қажетті процедуралар жүргізген. Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мектепте тексеру жүргізіп, оқиғаның себебін анықтап жатыр.
16:09, 21 Қыркүйек 2017
Шығысқазақстандық тоғыз оқушы белгісіз газдан уланып қалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Глубокое кентінде Алтынсарин атындағы орта мектептің 5-сыныпта оқитын тоғыз оқушысы белгісіз газдан уланып қалды. Балаларды жақында ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО Жұмылдыру дайындығы департаментіне сілтеме жасап.