Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш құрылғылар Шығыстың қақаған аязына да, аптап ыстығына да төтеп бере алады. «Визир 2М» құрылғысы отыз градустан төмен 50 градустан жоғары температурада да қалыпты жұмыс істейді. Жылдамдық өлшеуіш құрылғысы батарея арқылы 4 сағатқа дейін жұмыс істей алады.
«Сонымен қоса құралдың автокөлікке орнату мүмкіндігіне аса зор көңіл бөлінген. «Визир 2М» құралы арнайы дайындалған тіреуіш арқылы жол полициясы көліктеріне оңай орнатылады. Құрылғының бейнекамерасы кез-келген жағдайда жолды түгелдей объективке түсіреді. «Сони» бейнекамерасы мен көлемді түрлі-түсті сенсорлы дисплей автокөліктердің мемлекеттік тіркеу номерлерін оңай оқылуына мүмкіндік береді, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі П.Никифоров.
Оның сөзіне қарағанда, автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін 150 метр қашықтықтан оңай оқуға болады. Аталмыш құралдың 300 кадрге дейін сақтау мүмкіндігі бар. «Жылдамдық өлшеуіш құралы арқылы түсірілген бейнелерді SD-картада сақтауға, принтерде басып шығаруға немесе желілік порт арқылы қосылған ноутбукке бірден жіберуге болады. Қазіргі таңда № 1 жеке батальонның есебінде аталмыш жылдамдық өлшеуіш құралының 15 бірлігі тұр. Одан басқа «Визир» және «Speed Guard» құралдары да бар, - дейді Жол полициясы басқармасының арнайы техника бойынша аға инженері, полиция кіші лейтенанты Алексей Снегур.