Шығысқазақстандықтар Наурыз мейрамының құрметіне «Қара жорға» әуенімен флешмоб өткізеді
23:46, 18 Наурыз 2013
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында Наурыз мейрамының құрметіне «Қара жорға» биінің әуенімен флешмоб өтеді. Бұл жөнінде Аltaynews.kz хабарлап отыр.
Аталмыш шара 20 наурызда сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында ұйымдастырылады.
Дирекция басшыларының пікірінше, акцияның мақсаты қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың ұжымдық рухын көтеру, сонымен қатар, компания клиенттерін таңғалдыру болып табылады.
«Би өзінің әсерлі ырғағымен адамдардың рухын нығайтады, сергектіктері мен сенімділіктерін күшейтеді» дейді ұйымдастырушылар.
Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы қызметкерлерінің бастамасымен өтетін акцияға қала қонақтары мен тұрғындары да қатыса алады.