Шығыста құрастырылған көліктер Тәжікстан мен Қырғызстанға экспортталады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Шығыс Қазақстан облысында құрастырылған көліктер Тәжікстан мен Қырғызстанға экспортталатын болады. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов осындай ойы бар екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Моңғолияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда болып, Үкіметтерінің басшыларымыз біздің автомобильдердің сол нарықтарға шығуы жайында кездесулер өткіздім және шығатын да боламыз», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар өңір басшысы тілшілердің қазақстандық көілктерді Ауғанстан нарығына жеткізу мүмкіндігіне қатысты сауалына жауап берді.

«Егер бізді Ауғанстанға шығу мүмкіндігі болса, онда өзімізде құрастырылған көліктерді Ауғанстан Республикасының нарығына да зор қуанышпен жеткізуге дайынмын. Бірақ, өкінішке орай әзірше мұндай белгі  байқалмайды. Бірақ біз дайын екенімізді айтқым келеді. 100-ден астам «Нива» көлігін Қытайға жібергеніміз шындық. Ауғанстанға да зор қанағаттанушылықпен жібере алар едік», - деді Даниал Ахметов.