"АҚШ пен Еуропаға қарағанда Шығыстың даму моделінің тамыры тереңде жатыр. Шығыстағы халықтардың тілі, дәстүрі, ділі мен дінінде ғана емес адами қарым-қатынаста өзіндік құндылықтары бар. Соңғы жылдары осы негізіне сүйенген Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Малайзия, Тайвань сияқты көптеген елдер дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетті. Ал өзіндік даму жолын таба алмай, батыстық стандарттарды қабылдаған бұрынғы кейбір кеңестік республикалардағы "түрлі-түсті" революциялар қарама-қайшылықтардың айқын дәлел бола алады",- дейді профессор Камал Бұрханов.
Оның айтуынша, Қазақстан қазір қоғамдық даму жолының өзіндік үлгісімен келе жатыр. Бұл бағытта ол өзге елдердің озық тәжірибелерін де өзіне әлі де көбірек сіңіруі керек. Сол себепті философия ғылымының докторы Сағади Бөлекбаевпен бірлесіп жазған бұл зерттеуде оқырманға шығыстық модельді барлық оқырманға бірдей ұғынықты түрде таныстыруды алдарына мақсат етіп қойған. Осы кітапты жазып шығаруға олар 3 жылдай уақыттарын жұмсаған көрінеді.
17:53, 06 Қаңтар 2011
Шығыстың өзіндік демократиялық дәстүрі бар - саясаттанушы Камал Бұрханов
АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттану ғылымының докторы Камал Бұрхановтың айтуынша, Қазақстан дамудың өзіндік жолын таба алған елдердің бірі. Бұл пікірін саясаттанушы бүгін Алматыда өткен "Шығыс-Батыс дилеммасындағы қазақстандық даму жолы" деп аталатын кітаптың тұсаукесерінде айтты.