деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Калифорния штатында орналасқан Берклидегі Лоуренс (Lawrence Berkeley National Laboratory) атындағы Ұлттық зертхананың Хьюго Дестайллатс (Hugo Destaillats) жетекшілік еткен бір топ американдық ғалымдар осындай байлам жасады.
Темекідегі алкалоид никотині темекі тартылған бөлменің немесе шылымқорлар автокөліктері салонының үстіңгі қабаттарына жинақталып қалады. Зерттеу барысында ғалымдар никотиннің қалдықтары ластанған ауа құрамында бар азот қышқылының буымен реакцияға түсетінін анықтады. Осы реакцияның өнімі канцерогендік қасиеті бар зат (нитрозамин) болып табылады.
Тәжірибе нәтижелері көрсеткеніндей, реакциядан кейін нитрозаминдер бастапқы деңгейден он есе артатын болып шықты.