Шымбұлақ - әлемдегі ең үздік 10 тау шаңғысы курорттарының бірі

None
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - «Forbes» журналы Шымбұлақты көктемде визасыз баруға болатын әлемдегі ең үздік 10 тау шаңғысы курорттарының қатарына жатқызды.

Беделді басылымның бағалауынша, «Шымбұлақ» курортының басты құралы - маршруттардың алуан түрлілігі, олардың ішінде жаңа бастағандарға арналған еңіс және жұмсақ ылдилар, сәбилер үшін нұсқаушысы бар балалар паркі, дайындығы жақсы шаңғышыларға арналған ұзын трассалар, саяхатшылар маршруттары, аяқ баспаған қарлы жабайы алқаптар және сноубордшылар халф-пайпі, кәсіби машықтанғандар үшін ғажайып экстремалды бұрылыстар, әуесқойлардың арнайы трассасы келушілерді күтуде. Бұған қоса, сноупаркте тюбинг трассасы да бар, ал жылдам түсуге және слалом-гигантқа арналған трассалар күрделі трассалардың әлемдік ондығына кіреді, дейді Forbes.

Тау шаңғысы куортының көптеген артықшылықтарының бірі ретінде басылым бұл жерде түнде шаңғы тебудің де қолжетімділігін атап көрсеткен.