Шымбұлақ бойынша мәселе 20 желтоқсанға дейін нақты шешілуі керек - Премьер-министр

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Шымбұлақ» шаңғы базасындағы нысандардың құрылысымен байланысты мәселені 20 желтоқсанға дейін шешуге шақырды.

Үкімет басшысы бүгін Алматының спорттық нысандарын аралағаннан кейін өткен кеңесте Шымбұлақтың әзірге Азиада ойындарына дайын еместігі туралы спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың ескертуіне берген жауабында осылай деді.

К.Мәсімов сондай-ақ логистика, қоғамдық тәртіп, шетелдік делегацияларды тамақтандыру мәселелеріне назар аударуға және жақсылап ойластыруға кеңес берді. Азық-түлік өнімдерінің тексерілу және сертификатталуы керек екенін де айтып өтті.

Барлық қызметтерді жеделдетілген режимде жұмыс істеуге шақырған Үкімет басшысы: «Адами фактор әрқашан болады, бірақ босаңсуға болмайды. Саммитті қалай жақсы өткізсек, Азиаданы да солай өткізуіміз керек»,- деп атап көрсетті.