Демалыс құнына екі адамға Мәскеуден барып, қайту билеті, екіт адамға арналған қонақ үй шығыны енген.
Осы өлшем бойынша Шымбұлақ жазғы уақытта белсенді демалатын курорттар арасында екінші орынға ие болды.
RoomGuru.ru мәліметіне сүйенсек, екі адамға арналған Шымбұлақтағы бір апта демалыс құны 39 мың рубль (195 000 теңге). Ал Мәскеуден ұшып келу/ұшып кетуді қосқанда, 81 мың рубль (405 000 теңге).
Белсенді жазғы демалысқа арналған курорттардың үздік ондығы:
1. Красная Поляна (Сочи), 101,4 мың руб. (екі адамға арналған бір апталық демалыс құны)
2. Шымбұлақ (Алматы, Қазақстан), 80,7 мың руб.
3. Шахдаг (Әзербайжан), 61 мың руб.
4. Шерегеш (Кемер облысы), 65,4 мың руб.
5. Бакуриани (Грузия), 55,6 мың руб.
6. Буковель (Львов, Украина), 55,3 мың руб.
7. Инсбрук (Аустрия), 141,2 мың руб.
8. Ла Молина (Барселона, Испания), 94 мың руб.
9. Биарриц (Франция), 151,8 мың руб.
10. Энгадин - Санкт-Мориц (Цюрих, Швейцария), 137 мың руб.