АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ұсынысы негізінде Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ биіктікте және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты (қардың биіктігі 90-140 см) қолдан қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат»Қазселденқорғау» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 наурызда Кіші Алматы өзенінің алабындағы №26Б қар көшкіндерін жинау орнында (Талғар асуы) қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Түсірілген қар көлемі 900 текше метрді құрады, қар көшкіні тау шаңғы трассасына жетпей еңіске тоқтады.
Сол сияқты, №56 қар көшкінін жинау орнынан да түсірілген қар көлемі 5000 текше метрді қамтыды, қар көшкіні тау баурайының етегінде тоқтады.
Профилактикалық жұмыс барысында зардап шеккендер мен шығындар болған жоқ.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.