Сараптама бойыншаІле-Алатау шыңындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты үздік үштікке кіріп, екіншіорынды иеленген. Жазғы демалысты белсенді өткізуге қолайлы деп Сочидің қызылалаңы аталса, үшінші орында Қырым курорты тұр.
Бұл рейтингкурорттардың танымалдылығы мен инфрақұрылымының дамуы және көліктікқолжетімділік бойынша жасалған. Сарапшылардың пікірінше, «Шымбұлақ»тау шаңғы курортының қалаға жақын орналасуы туристтерді, әсіресе жаяу жүргіншілердікөптеп қызықтырады.
«Әрине бұлжетістіктер ауқымды жұмыстардың нәтижесі. Жыл сайын бізге келушілер саны артыпотырғаны рас. Былтыр қыс пен жаз мезгілдерін есептегенде 550 мың адамдықабылдадық. Ал биыл бұл көрсеткіш 100 мыңға артып отыр. Олардың 25 пайызынанастамы шетелдіктер», - дейді «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының дамубойынша бас менеджері Юрий Кохович.