Екі ересек адамға арналған демалыс бюджетіне арзан қонақүйде тәулік бойы тұру (Oktogo.ru сайтының деректеріне сәйкес) және қаңтардың бірінші жартысында дәмханада түскі ас пен бір күнге ски-пасс құны кіреді. Ресей және басқа да елдердегі ондаған арзан таудағы шаңғы курорттарының топ-10-дығына мыналар кірді: Белокуриха (Алтай өлкесі) - 3,2 мың руб., Логойск (Минск, Беларусь) - 3,4 мың руб., Завьялиха (Челябі облысы) - 3,4 мың руб., Красная сопка (Камчатка) - 3,4 мың руб., Қаракөл (Бішкек, Қырғызстан) - 3,5 мың руб., Чимган (Ташкент, Өзбекстан) - 3,5 мың руб., Шахдағ (Баку, Әзербайжан) - 3,7 мың руб., Буковель (Украина) - 3,8 мың руб., Бакуриани (Тбилиси, Грузия) - 4,1 мың руб., Шымбұлақ (Алматы, Қазақстан) - 4,3 мың руб. Шымбұлақ ТМД мен таяу шетелдердің таудағы шаңғы курорты рейтингінің бірінші ондығына кіреді. Шымбұлақ шатқалы өткен ғасырдың қырқыншы жылдары ашылған. Қазір курорт FIS атесттатауынан өткен 8 шаңғы жолды (жасыл, көк, үш қызыл, бір қара) қамтиды.
11:28, 23 Желтоқсан 2015
Шымбұлақ ТМД курорттарының ішінде үздік ондыққа кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Travel.ru» туристік сервисі Forbes-пен бірге виза талап етілмейтін Ресей мен өзге елдердегі ондаған арзан таулы курорттарының рейтингін жасады.