Қар курорттың жоғары жағына, Талғар асуына жауған. Курорт жұмысшылары таңданысын жасыра алмай, оның видеолары мен фотоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Хабарларға қарағанда, асудағы ауа температурасы күндіз 6-8 градус нөлден жоғары, ал қаланың ішінде Цельсий бойынша 25-28 градус ыстық.
Таудың шыңдарын жаңа қар қабаты басқанын қаладан көруге болады. Ол жаздың аптабынан кейін ауа райын аздап салқындатады.
10:18, 29 Тамыз 2018
Шымбұлаққа қар түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шымбұлақ тау шаңғы курортына биылғы алғашқы қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.