«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының мәліметінше, 10 наурыз күні тауда шаңғы теуіп жүрген демалушы қар көшкіні түсіретін құралмен соқтығысып, көшкін астында қалды.
«Таңғы сағат 10:58-де курорттың құтқарушыларына Комби-2 тірегінің 8-ден жоғары аймағында қар көшкіні болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Белгілі болғандай, ол рұқсат етілген аймақтан шығып кеткен. Сағат 11:25-те медициналық пунктке жеткізілді, мамандар оның қайтыс болғанын анықтады», - деп хабарлады «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аспалы жолдың (Комби-2) жұмысы тоқтатылды.
Түскен қар массасының көлемі анықталып жатыр.
Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД-ның 1 маманы мен 1 техникасы, республикалық жедел-құтқару жасағының бір техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.