АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы 'Шымбұлақ' тау-шаңғы курортының батыс бөктерінде қар көшкіні салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өз кезегінде бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Оның сөзіне қарағанда, қаза тапқан адам 1986 жылы дүниеге келген Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, ол төреші болған. Белгілі болғандай, оқиға трассадан тыс сырғанау кезінде орын алды»,-деп хабарлады Иманқұлов.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.