Аталған жобалар аясында мектептерде ақша жинауды болдырмауға жағдай жасалып, "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша тегін медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге күш салынбақ. Сондай-ақ, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында да тұрғындарға мүмкіндік жасалатын болады.
«Сонымен қатар " Құпия сатып алушы " әдісімен зерттеу жобасы іске қосылып, ол барлық әлеуметтік маңызды салаларды қамтиды. Бұл өз кезегінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы болады", - дейді "Шымкент - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев.
Ал, "Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы" мемлекеттік бюджеттен мектептерді, ауруханаларды және басқа да қаржыландыру объектілерін қамтамасыз етуге арналған бюджеттің транспоренттілігіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.