Шымкент әкімдігінде бірқатар жаңа тағайындаулар болды

Фото: None
Шымкентте үш басқармаға жаңа басшылар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы міндетін атқарушы қызметіне Мұрат Базарқұлов тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол қалалық Білім бөлімінің басшысы болған еді.

Ал, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы міндетін атқарушы қызметіне Әлия Шалхарова тағайындалды.

Сондай-ақ, қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасының  басшысы міндетін уақытша  Марат Оразәлі атқаратын болды.
 

Еске сала кетейік, Шымкент мемлекеттік кірістер департаментіне Нұралхан Көшеров басшы болып келгендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.