Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аудан әкімдіктері бөлшек сауда нысандарын негізсіз тексергенін анықтады. Тұрғындардың өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін белгілеу және анықтау бойынша аудан әкімдіктерінің тәжірибесін зерделеу барысында біршама кемшілік табылған.
Әкімдік мамандары сауда объектілерін тексеруге өкілеттігі мен құзыреті болмаса да, 250-ден астам дүңгіршектер мен үйлердің жанындағы дүкендерді аралаған. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерлерге бизнес объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну туралы, ал жекелеген жағдайларда дүңгіршектерді бұзу туралы хабарлама берген. Департамент ұсыныстар енгізіп, заңсыз тексеру практикасы тоқтатылды, хабарламалар кері қайтарылды
, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті таратқан ақпаратта.