«А-2» айналма жолы 2024 жылы салынып бітеді делінген еді. Бірақ ол мерзімде аяқталатынына күмән көп. Сапасы туралы айту тіптен қиын. Өйткені жолдың жаңадан салынған тұсы қазірдің өзінде жарамсыз күйге жетіп жатыр. «Коммунизм» бөлімшесінің аумағы қазір ойдым-ойдым. Жол салынып біткеннің өзінде сапасына қанша жыл кепілдік беріледі?», - деп сұрады БАҚ өкілі.
Әкімнің айтуынша, қазір ойдым-ойдымы шығып жатқан асфальт уақытша төселген.
«Қалада кептеліс болмасын деп жолдың екі бағытын кезек-кезек жауып, жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ жоба біткен жоқ. Бұл мердігер есебінен уақытша төселген нәрсе. Ол жердегі асфальттің өзі де сапасы төмендеу. Бірақ ол бір жылға төселген. Ертең екі бетін аяқтағаннан кейін қырып тастап, жаңадан асфальт төселеді», - деді Мұрат Әйтенов.