Шымкент әкімі алты айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясына қатысып, алты айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Шаһар басшысының есебіне депутаттармен қатар зиялы қауым өкілдері де қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәслихаттыңкүн тәртібінде Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялары менміндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Ғабидолла Әбдірахымов жыл басынанбері қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, индустрияландыру, инвестиция тарту, инфрақұрылым,әлеуметтік салалардың даму көрсеткіштеріне тоқталды. Әкімнің сөзінше, есептікезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 25 пайызға, орташа айлық жалақы 12 пайызғаартқан. Қала бюджеті 219 млрд теңгеге жетіп, 79 млрд теңгеге ұлғайған. Ал,индустрияландырукартасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік субьектілерінің саны 14пайызға өсіп, 65 687 бірлікті құраған. Қалада 6345 пәтерлі 129 көпқабаттытұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жаңадан 14 334 жұмыс орны ашылған.

«2019 жылжақсы жетістіктермен басталды. Осы аралықта мемлекеттік басқару жүйесінқамтамасыз етіп, қала әкімдігі, мәслихат жанындағы консультативтік кеңестерқұрылды. 19 маусымда қаланың республикалық статус алғанына 1 жыл толды. Жылбасынан бері инвесторлармен көптеген келісімдер жасалды. Бағдарламалардайындалды. Біз осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыруымыз керек. Оғанбарлықтарыңызды атсалысуға шақырамын», - деді қала әкімі.


Мәслихатдепутаттары қала әкімінің есебін оң бағалады. Қала мәслихатының хатшысы ҒаниТашқараев өз сөзінде шаhарда кәсіпкерлікті дамыту, жастарды қолдауда көптегенжобалар қолға алынғанын, барлық салада өсу бар екенін атап өтті.



Соңғы жаңалықтар