Шымкент әкімі «Песни» шоуының финалисі Назимаға велосипед пен Айфон сыйлады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Песни» шоуының финалисі, Black Star байқауының қатысушысы Назима Жәнібекованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шаһар басшысы жас әншіге Шымкент қаласын ТМД елдерінде ғана емес, әлемдік аренада танымал болуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қабылдау барысында қала әкімі Назимаға сыйлық ретінде велосипед пен Айфон телефонын тарту етті. Ғабидолла Рахматоллаұлы өз кезегінде, рэп орындаушысы Шымкент қаласының оң имиджін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, талантты орындаушы бірнеше жылдар бойына «Altyn Girls» тобының мүшесі болған. Ол соңғы кезде Назима «ТНТ» телеарнасындағы «Песни» телевизиялық жобасына қатысып, көпшілікке танымал болды. Жобаның ақтық сынына дейін жеткен әнші Тиматидің продюсерлік тобындағы Terry мен DanyMuse сынды орындаушылармен бірге Black Star командасының құрамына кірді.