Әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан ашылған «Халықпен қызмет» орталығында тұрғындар үшін арнайы электронды кезек залы қызмет ете бастады. Онда мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелері бойынша кеңес беріп, қызмет көрсетеді. Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен банкоматтар және төлем терминалдары, арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар орнатылған.
Сонымен қатар, мұнда қала әкімі мен орынбасарлары тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс жасау үшін open space залдары құрылды. Онда қала әкімінен бөлек, оның әрбір орынбасарлары өз салалары бойынша апта сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтын болады.
Айта кетейік, Н.Назарбаев даңғылы, 10 мекенжайында орналасқан аталған орталық арқылы мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру көзделген.