ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Кешіктірілген рейстерді бүгін сағат 22:00-ден 23:30-ға дейін ұшыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуекомпанияның хабарлауынша, Air Astana-ның кейбір рейстері қолайсыз ауа райына (қатты жел) байланысты Шымкент әуежайынан ұшпаған.
Кешіктірілген рейстер:
KC969 / 970 Алматы-Шымкент-Алматы
KC321 / 322 Астана-Шымкент-Астана
KC971 / KС972 / Алматы-Шымкент-Алматы
KC7227 / 228 / Атырау-Шымкент-Атырау
KC7325 / 7326 / Астана-Шымкент-Астана
Бұған дейін елордада және еліміздің 13 аймағында дауыл туралы ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.