Шымкент әуежайында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рейс кейінге шегерілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкент әуежайында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рейстің ұшу уақыты шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана әуежайының электронды кестесіне сәйкес, Шымкент-Астана бағытындағы SCAT әуекомпаниясына тиесілі DV701 рейсі 6 сағатқа шегерілген.

Аталған әуекомпанияның баспасөз қызметі рейстердің кейінге шегерілуі ауа райының қолайсыздығымен байланысты екендігін түсіндірді. Мұнда қар жауып, қою тұман түскен.

Сондай-ақ, Air Astana әуекомпаниясының да Шымкенттен  Астанаға қатынайтын KC352 және Алматыға ұшатын  КС 972 рейстері  уақытша тоқтатылған.