Шымкенттегі «Жоғарғы базар» маңында жүргізілген рейд кезінде полиция департаментінің өзіңдік қауіпсіздік басқармасының жедел қызметкерлерінің назарын формалы жас жігіт аударған.
Олар күдіктіні тексеру барысында одан Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы учаскелік инспекторының «жалған» қызметтік куәлігін тәркілеген.
Сондай-ақ, тергеу барысында ер адамның форманы қаладағы дүкендердің бірінен алғаны анықталды.
Ол Шымкентке екі күн бұрын келген, Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда, күдіктіге қатысты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 390-бабы «Билік өкілі атағын өз бетінше беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Полицейлер ер адамның тәртіп сақшысының формасын қандай мақсатта кигенін анықтайды.