Шымкент бүгінгі мерекені ұлттық өнер ұжымдарының концертімен атап өтті

None
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қазақстан халқының бірлігі күні Шымкентте дәстүр бойынша кеңінен атап өтілуде. Орталық алаңда ұлттық өнер ұжымдарының концерті өтті. Ұлттық мәдени орталықтар осы жерде этноқалашық құрды.

«Біз түрлі ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Отбасымызда грузин, шешен, грек, татар, славян және қазақ тағамдарын әзірлейміз. Ол тағамдардың барлығын өзіміздікі санаймыз», - дейді зейнеткер Ирина Давыдова.

Мәдениеттердің қосылуы олардың дамуына кедергі емес, дейді ұлттық мәдени орталықтардың басшылары. Облыста кез-келген адам түрлі халықтың тілі мен әдет-ғұрпын үйрене алатын жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Осыдан бірер жыл бұрын неміс орталығы өзінің жастар қанатының базасында неміс асханасының курсын ашты және ол курс қаламыздың бас аспаздарының сүйікті орны.

«Біз адамдарды ұлтқа бөлмей, барлық проблеманы бірлесіп шешудеміз. Халықтың күші - оның бірлігінде», - деді Шымкент әкімі Арман Жетпісбаев өзінің құттықтау сөзінде.