Шымкент энергетиктері электр қуатының тарифін көтермек

None
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентті электр қуатымен жабдықтап отырған «Оңтүстік-жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен хабарлағандай, ақпан айынан бастап энергия тарифі қымбаттауы мүмкін.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне энергетика тарифін көтеруге өтінім өткен жылдың қараша айында берілген.

«Ақпанның 1-інен бастап тарифті 10 теңге 83 теңгеге дейін көтеру мәселесін антимонополиялық комитеттің қарауына ұсындық. Бүгінде шымкенттіктер үшін электр қуаты 8,96 теңге тұрады. Комитет бекітсе, тариф 14 пайызға көтерілмек», - дейді «Оңтүстік-жарық» серіктестігінің бас директоры Талғат Әбілқазы.