Бұл лауазымға азаматтық қорғау подполковнигі Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлы тағайындалды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Жаңа басшы 1979 жылы Сырдария облысы, Гүлістан ауданы, Крестьянское ауылында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасының өрт қауіпсіздігі органдарында 5 жыл қызмет атқарып, ішкі істер басқармасы өрт қауіпсіздігі басқармасының өрт сөндіру штабы тобының бастығы лауазымында аяқтады.
2004 жылы Қазақстанға оралып, қызметін ОҚО мемлекеттік өртке қарсы қызметі бас басқармасының №23 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған. 2014 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасындағы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарды.