Шымкент қаласы әкімінің 5 орынбасары тағайындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезекті отырысы өтті. Онда Шымкент қаласы әкімінің бес орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһар басшысының бірінші орынбасары қызметін  Қайрат Нұртай атқаратын болды. Әкімдіктің аппарат жетекшісі болып Еркеғали Амантайұлы тағайындалды.  Ғабидолла Әбдірахымовтың тағы төрт орынбасарлығына Гүлжан Құрманбекова, Нұрсадық Ергешев, Бауыржан Маматалиев, Данат Жумин келді.

Бұдан бөлек, қаладағы Абай ауданының әкімі ауысты. Бұл қызметті бұрынғы Сарыағаш, Төлеби аудандарыының әкімі болған Бұхарбай Парманов атқаратын болды.