Төтенше жағдай жөніндегі штабының мәліметінше, карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылған. Олардың қатарында 115 полиция қызметкері, 14 қарулы күштер және 192 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.
«Карантинге жабылған аумақтардың қатарында жұқпалы аурулар емханасы мен «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынауданы және Желтоқсан көшесі 3 А үй бар.
Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелген. Науқастардың 10-ы індет жұқтырғандармен байланыста болған. 12 науқастың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағаласа, 51 жастағы пациенттің жағдайы ауыр әрі орташа динамикамен деп бағалауда. Тіркелген барлық жағдайлар бойынша байланыста болған 327 адамның 274-і стационарлық карантинге алынса, 53 адам үй жағдайында бақылауға аылнған. Карантиндік стационарлардағылардың денсаулық жағдайы да қанағаттанарлық.