Оның айтуынша, Шымкент қаласында бір мәслихат, 30 мандат бар. Сайлауға бес партия қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша мандаттар бөлуге үш партия қатысты. Nur Otan партиясы - 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 3 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы 3 мандат алды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 мандат қамтылғаны айтылды.
Ал Алматы қаласында 39 мәслихат депутатының орнына партиялардың ішінен төртеуі кірді.