Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ЕрланАйтаханов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған.

Еңбекжолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисіболып бастаған.

1995-2012жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит берудепартаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттіккәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттіккәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорыныңорынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржыжәне бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы жәнебухгалтерлік есеп департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

Одан кейінҚазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі қаржылық реттеудепартаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы табиғимонополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасыныңкеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғимонополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры,Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылауинспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторықызметтерін атқарған. 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2016 жылдан бастап осы күнге дейін Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарып келді.