Шымкент қаласынан Қырғызстан Республикасына кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілуде

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Шымкент қаласынан Қырғызстан Республикасына кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілу үстінде.

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай, ҚР Үкіметі қырғыз еліне жалпы сомасы 11,6 миллион долларға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан көрші елге көмір, құрылыс материалдары мен азық-түлік тауарларын жеткізуде. Гуманитарлық жүк тиелген алғашқы вагондар Бішкекке өткен шілде айының соңында жеткізілген болатын.

Қазір Қырғызстандағы ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру үшін Шымкент қаласынан арматуралар тиеліп жатыр.