Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 24 жастағы азамат оқшауланған.
«Науқастың жағдайы қалыпты. Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды, олардың алтауы жақын туыстары», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгінде қалада коронавирус індетін жұқтырғандар саны 12 адамды құрап отыр.