Шымкент қаласында жеңіл көлік екі жүргіншіні қағып кетті, қаза тапқандар бар

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Шымкентте «Nissan» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жүргіншіні қағып кетіп, жол жиегіндегі бағанаға барып соғылды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы мамырдың 23-і күні түнгі сағат 2-де Долорес пен Сайрам көшелерінің қиылысында орын алған. Оқиға салдарынан көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тауып, 2 жүргінші ауруханаға жеткізілді.