Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесінің қиылысындағы, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысындағы гүлзарларды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші бас мердігер — «Шымкент Жасыл қала» ЖШС компаниясы.
Жалпы, 2 279 шаршы метр аумаққа плиталық төсеніштер төселіп, 4 670 шаршы метр жер көгалдандырылды. Сондай-ақ, гүлзарларға жаңа үлгідегі жарықшамдар, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.