Әкімдік қызметкерлері тіпті ғимараттың кіре берісіндегі «Түркістан облысының әкімдігі» деген жазуды «Шымкент қаласының әкімдігі» деп алмастырып та қойды. Енді әкімдік қызметкерлерін тұрғындар қаланың «Нұрсәт» шағын ауданындағы әкімшілік іскерлік орталығынан таба алады.
Еске салайық, Елбасының Жарлығына сәйкес Түркістан облысының орталығы Түркістан шаһарына ауысқан соң, облыс әкімдігінің қызметкерлері 15 тамыздан бастап сонда көшкен болатын.