Шымкент қаласының әкімдігі қыз-келіншектерге ерекше тосынсый жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -   8-наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімдігі әйел қызметкерлерге ерекше тосынсый жасады. Шаһар басшысынан бастап әкімдіктегі ер азаматтар жұмысқа келген әрбір қыз-келіншекті гүлмен қарсы алып, сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертең əрбір əйел қызметкерді ғимаратқа кіргеннен дəлізде ер азаматтар қарсы алып, əуен мен соксофон ойнап тұрды.  Қала əкімі Нұрлан Сауранбаев әрбір қыз-келіншекке гүл беріп, естелік суретке түсті. Ізгі тілектерін айтты.

"Біздің тамаша әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Себебі олар кейде бізбен тең қызметтерді де атқарады. Және олар жұмыстарын мүлтіксіз жасайды. Әйелдер нəзік жан иесі болғанымен, ерлерге қарағанда жауапкершіліктері жоғары. Ауа райы күңгірттеніп тұрса да, шынайы күлімдеген жүздер, шынайы тілектер айналаны нұрландырып жіберді", - деді  әкімдіктің ер азаматтары.

Айта кетейік, бүгінде қала əкімінің аппаратында 85 нəзікжанды қызмет атқарады.