Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қызметтен кетеді - фейк

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде бүгін Шымкент қаласының әкімі ауысатындығы туралы ақпарат тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: gov.kz

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ, қазір қала әкімі М. Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетсек, бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгін қызметтен кететіндігі жайында ақпарат тарады. Тіпті, кейбір желі қолданушылары үшінші мегаполиске жаңадан тағайындалатын әкімнің аты-жөніне дейін жазып, бірге түскен суреттерін жариялап жатыр.