«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасының» талаптарына сәйкес, бүгінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарының келісімі алынған. Алдағы уақытта аталған ұсыныстар облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес пен облыстық қоғамдық кеңестің қарауына енгізілмек. Тиісті келісімдер алынғаннан кейін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылады.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 2129 көше бар. Соның ішінде идеологиялық тұрғыдан ескірген 39 және нөмірленген 79 көшенің атауын ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бағытында жергілікті әкімдік жүйелі жұмыстар атқарып келеді.