Шымкент қаласының соттары колледж студенттерімен кездесті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық Абай аудандық сотының судьясы К.Мылтықбаев «Жол-көлік колледжінің» оқушыларымен кездесіп, «медиация және жастар арасындағы қылмыстарды алдын алу туралы» тақырыбында түсіндіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, медиация туралы заңының қолданылу саласы мен мақсаттары, оны жүргізу қағидаттары мен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді.

К.Мылтықбаев баяндамасында медиацияның жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда қолданылатынын айтып көрсетті. Сонымен қатар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар кезінде пайдаланатынын тілге тиек етті.

Кездесу соңында медиация, сонымен қатар әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі колледж оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, заңға сәйкес түсіндіріп өтті.