«Шымкент қаласына су келетін D 1000 кұбырында апат болуы салдарынан Қайтпас, Қайтпас-2, Шапағат, Теріскей, Сайрам, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 14 шағынаудандары мен Цемпоселок, Отырар, Достық аудандарында судың берілуі шектеледі. Мүмкіндігінше ыдыстарға су жинап алуларыңызды сұраймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Алайда қала әкімдігінің өкілдері судың қай уақтта өшіп, қай уақытта берілетінін хабарламады.