Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.
Орталық таратқан шұғыл ақпаратқа сәйкес, қаланың батысында болған жерасты дүмпулері бүгін, 9 сәуірде Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 6-дан 15 минут кеткенде тіркелген.
Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 42.23 градусында, шығыс бойлықтың 67.96 градусында анықталды. Тереңдігі - 6 шақырым.